Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылыс барысымен танысты

ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылыс барысымен танысты

« Назад

ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылыс барысымен танысты 24.06.2026 00:00

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылыс алаңына барды. Бұл жоба ҚМГ-ның Төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында италиялық Eni компаниясымен бірлесіп іске асырылуда.

Жалпы қуаты 247 МВт болатын жоба үш генерация көзін біріктіреді:
▪️күн электр станциясы – 50 МВт,
▪️жел станциясы – 77 МВт,
▪️газ станциясы – 120 МВт.

Бұл Қазақстанда осындай гибрид форматындағы алғашқы энергетикалық кешен.

🏗️Қазіргі уақытта газ электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Алаңда Wartsila компаниясы шығарған барлық алты газ поршенді агрегат монтаждалды, машина залының ғимараты бой көтерді. Алаңішілік инженерлік желілер салынып, негізгі жабдықты іске қосу және оларды бір-бірімен технологиялық тұрғыдан байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қуаты 110 кВ қосалқы станцияның құрылысы аяқталып, іске қосу-баптау іс-шаралары басталды.

💨Жел электр станциясы бойынша ерте құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жел турбиналарының бөлшектері жасалып жатыр.

☀️ 2025 жылғы қыркүйек айында ҚМГ мен Eni күн электр станциясын іске қосқан болатын. Ол өңірде күн генерациясының тиімділігін растай отырып, осы уақытқа дейін 50 млн кВт·сағ астам электр энергиясын өндірді. Жалпы станция жылына шамамен 86 млн кВт·сағ таза электр энергиясын өндіретін болады.

🌿Жаңа нысан декарбонизациялау және көміртегі ізін азайтуға бағытталған стратегиясын қолдай отырып (гибридті станцияда өндірілетін электр энергиясының шамамен 40% толығымен «жасыл» болады), Маңғыстау облысындағы ҚМГ-ның еншілес компанияларын, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚазГӨЗ» ЖШС-ін электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуді жолға қоюға мүмкіндік береді.

✔️Құрылысқа 1000-нан астам адам жұмылдырылған, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 70-ке дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

📱 ҚазМұнайГаз

14444444444111710001

104444444401000 00014171000111 450012210 14150041 001041410 14723


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»