Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ҚМГ Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

ҚМГ Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

« Назад

ҚМГ Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады 20.12.2025 17:00

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да «Жұмысшы мамандықтар жылының» салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында еншілес компаниялардың 58 үздік қызметкері марапатталды.

🗣ҚМГ басшысы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде ұлттық компания жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аудара отырып, кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін белсенді дамытып жатқанын атап өтті.

— Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ҚМГ қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған ауқымды бағдарламаларды іске қосты. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жан-жақты жұмыс атқарылып жатыр. ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарында 250-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда, — деді А.Хасенов.

✔️ҚМГ компаниялар тобында кадрлардың әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі әрі маңызды жұмыстар жыл бойы жүргізілді. «ҚМГ Кәсіп» бағдарламасы арқылы 12 жұмысшы мамандық бойынша 270 адам оқып, білімін жетілдірді.

📇Тәжірибе алмасу мақсатында Татнефть, Өзбекнефтегаз, SOCAR, Қарашығанақ және Теңізшевройл серіктес компанияларға 99 маман жіберілді. 250-ден астам студент ҚМГ-ға қарасты кәсіпорындарда дуалды оқудан, сондай-ақ 800-ге жуық студент өндірістік практикадан өтті. Мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшы әйелдерді дамыту мен қолдауға бағытталған JanAru білім беру бағдарламасына тәуелді және еншілес ұйымдарынан 47 адам қатысты.

▪️ «АЛЫП» жобасы аясында 63 жас маман өндірістік процестердің тиімділігін арттыру бойынша түрлі бастамалар ұсынды.Нәтижесінде жүзеге асыру үшін 24 жоба іріктелді, олардың жалпы экономикалық тиімділігі 900 млн теңгені құрайды.

▪️100-ге жуық адам қатысқан KMG Skills кәсіби шеберлік байқауы өзара тәжірибе алмасудың және үздік практикалардың алаңына айналды.

34rfvvty75235 23erfdc2

32414f7gf4 gvqe4h76643

64tgb 64


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»