
Бекітілген кестеге сәйкес "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде кезекті екпе алу жөнінде түсіндірме шарасы өтті. Бұл жолы "Neiron" медициналық орталығының дәрігерлері #11 скважиналарды күрделі жөндеу бригадасының қызметкерлерімен жүздесті. Ақ халаттылар ұжымдық иммунитет қалыптастыру өзекті екендігін айтты. Ол үшін вакцинаның маңызы зор. Дәрігерлер мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алып қашпа әңгімелер жайында нақты ақпарат берді.