
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланатын деректердің, атап айтқанда telegram желісіндегі арналардың (https://t.me/kmgpress) өзектілігі күннен күнге артып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары telegram арнамызда жарық көретін ақпаратты өздерінде жариялайды. Бұдан бөлек, биыл қазан айынан бастап ҚМГ ақпарат беру көлемін арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде 9 тұрақты айдар енгізді. Атап айтқанда, еңбек адамы, династиялар
туралы, қатардағы қызметкерлердің қатысуымен аудиоподкаст, сондай-ақ білім беру бағытындағы айдарлар ашылды. Осыған байланысты ҚМГ-нің корпоративтік telegram арнасына (https://t.me/kmgpress) тегін жазылу мүмкіндігін ұсынуда.
QR кодта ҚМГ-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына сілтемелер қамтылған. Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі парақшаларға жазылуға шақырамыз. Жаңалықтардан дер кезінде хабардар болып, маңызды шаралардан құр қалмаңыздар. @kazmunaygaspress , https://www.kmg.kz