
ӨзенМұнайсервис» ЖШ серіктестігі қос ардагерді құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Ұзақ жылдар бойы мұнай саласының дамуына адал еңбегімен үлес қосып, ұжымдастар арасында сыйлы бола білген ел ағалары кәсіптің нәсібін көрмек.
Абыройлы зейнет жасына жеткен Избаев Боранбай Ермекбаевич «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінде 5 дәрежелі автокөлік жөндеушісі болып еңбек еткен. Жалпы мұнай саласындағы еңбең өтілі 20 жылдан астам уақытты құрап отыр.
Ал ардагер маман Атагазиев Жәкен Орынжанұлы аяулы алпысында өз қалауымен зейнет демалысына жолдама алған болатын. Еңбек ардагері биыл нағыз зейнет жасы 63 жасқа толып отыр. Жәкен Орынжанұлы 1998 жылдан бастап бұрынғы «Жөндеу» ЖШС-ға жұмысқа орналасып, 2016 жылға дейін 5 дәределі көтергіш машинисті қызметін атқарған.
Зейнет демалысына жолдама алған еңбек ардагерлерінің дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ғұмыр-жастары ұзақ болсын деп тілейміз.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс