
ҚОС ЧЕМПИОНҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
“ӨзенМұнайСервис” ЖШС Бас директордың қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Ермағанбетов Нұрым Амантайұлы “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ спартакиадасының жеңімпаздарын арнайы қабылдап, ұжым атынан құттықтады.
Компаниямыздың намысын қорғап, спорттық додада І орын алып топ жарған жүзуші Әлібек Дүзбаев пен қол күресші Дәурен Еңсепке зор алғыс білдірді. Спортшыларға толағай табыстар тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Павлодар қаласында “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ спартакиадасының финалдық ойындары өткен болатын. Үлкен бәсекеде жоғарыда аталған мамандарымыз жеңіс тұғырынан көрініп, абыройымызды асқақтатты.