
Құрметті әріптестер! Қадірлі жерлестер!
Қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Мұнайшылар күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы мереке - ерекше. Себебі бұл күн Қазақстан мұнайының 125 жылдығымен, “ӨзенМұнайГаз” компаниясының 60 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр!
Құрметті сала мамандары сіздердің ұшан-теңіз еңбектеріңіз үшін құрметім зор екендігін жеткізгім келеді. Әрқайсыңыз өздеріңіздің қызметтеріңізді кәсіби түрде орындап, ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрсіздер!
Мерекеде дендеріңізге саулық, жанұяңызға амандық тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Күш-қуаттарыңыз таусылмасын! Қазақ мұнайының ғұмыры ұзақ болсын!
Құрметпен,
“ӨзенМұнайСервис” ЖШС Бас директоры Қанағат Мыңтұрғанов