
27 қаңтар күні «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігі көтергіш машинисті Аллаберген Бердіге құрметті еңбек демалысына жолдама берді. Салтанатты жиында серіктестік басшылары ардақты азаматты жаңа белесімен құттықтап, ұжым атынан сый-сияпат пен гүл шоқтарын табыс етті.
12 жыл үзбестен «ӨзенМұнайСервис» мекемесінде көтергіш машинисті болып адал қызмет атқарған еңбек ардагері алдағы ғұмырында балалары мен немере-шөберелерінің қызығына бөленіп отыруды арман ететінін айтты, ұжымдастары да осы шынайы тілекке қосылды.