
Серіктестіктің бекітілген бірінші жарты жылдық кестесіне сәйкес Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен «ӨМС-24» ұңғымаларға күрделі жөндеу бригадасында «Көтеру-түсіру операциясы кезіндегі апатты жою» тақырыбы бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу жаттығудың негізгі мақсаты: жұмысшыларды төтенше жағдай кезінде, психологиялық және апатты жою жоспарына сәйкес әрекет ету іс-қимылдарын бақылау және практикалық тұрғыда дайындықта ұстау.
Оқу-жаттығу барысында жедел хабарласу схемасы арқылы жедел жәрдем, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметіне хабарлау, зардап шеккен жұмысшыны қауіпсіз жерге эвакуациялап жедел жәрдем келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету жаттығулары жасалды.