"ӨзенМұнайСервис" ЖШС атап өткелі отырған 50 жылдық мерейтой қарсаңында қызметкерлердің балаларының арасында "Мұнайшылар мерекесібалалар көзімен" атты суретшілер байқауы өтті.
Байқауға 30-ға жуық бала қатысуға ниет білдірген. Олар өздері қиялдарына ерік беріп, қалауына қарай әр түрлі әдіс, бояу түрлерін пайдалана отырып мұнайшы бейнесін қылқаламдарымен әрлеуге тырысқан. Бірі сервистік қызмет көрсетуге арналған техникаларды бейнелесе, бірі мұнайшының тұлғасын өзінше ашуға тырысқан.
Қатысушылар қашықтықтан өз туындыларын салып, серіктестікке жолдаған болатын. Серіктестік мамандары арасынан комиссия құрылып, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде, І орынға Балғанбаев Мағжан ие болса, ІІ орын Амантай Тұрарға бұйырды. ІІІ орынды Амандыков Мусалим жеңіп алды.