22-қыркүйек күні "Мұнайшы" мәдениет үйінде скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай "ӨзенМұнайСервис" кубогіне жайдарман ойыны өткізілді.
Ойынға "ӨзенМұнайГаз" АҚ, "Бұрғылау" ЖШС, "Су тасымалдау және өндіру" басқармасы", "ӨзенМұнайСервис" ЖШС, "Медикер Плюс" және "Айзере" балабақшасының құрама командалары қатысты.
Кеш барысында ойыншыларды "ӨзенМұнайСервис" серіктестігінің басшысы Н.Д.Союнов мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Қағытпа қалжың мен астарлы әзілден шашу шашқан командалар "Сәлемдесу", "Жамбы ату" және "Үй тапсырмасы" кезеңдері бойынша сынға түсті.
Нәтижесінде, "ӨзенМұнайСервис" кубогі иегері "ӨзенМұнайГаз" командасы атанды, ІІ орынды "Айзере" балабақшасы иемденді. Ал ІІІ орын "Бұрғылау" командасына бұйырды.
Кештің "Үздік ойыншы" номинациясына "Айзере" балабақшасының құрамасында өнер көрсеткен Лаура Тагисова лайық деп танылды.
Өзге құрамалар қатысқаны үшін арнайы алғыс xатпен марапатталды.
Жайдарманшыларды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!