Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

« Назад

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады 25.08.2025 10:00

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді.

Асхат Хасенов:

➤ «ҚазМұнайГаз» геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізіп келе жатқанын айтты.

🟦Биыл қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды.

🟦Қытайдың CNOOC компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құюға шешім қабылдады. Сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде.

➤ соңғы 7 айда мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаны құрағаны туралы баяндады.

🟦Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғары. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 6,7 миллиард текше метрге жетті, яғни былтырғы жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық.

🟦Батыс Прорва (Атырау облысы), Өріктау (Ақтөбе облысы), Рожков (Батыс Қазақстан облысы) кен орындарында газ өңдеу көлемін ұлғайту жобалары жүзеге асырылып жатыр.

➤ мұнай тасымалдау көлемі 49 миллион тоннаны құрағаны туралы мәлімет берді.

🟦Қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту жұмыстары қолға алынды: жеті айда Әзербайжан бағытына 0,9 миллион тонна, Германияға 1,1 миллион тонна мұнай тасымалданды. Мажарстанға 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жеткізілді.

🟦Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 миллион тонна мұнай өңделді. Соның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 миллион тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

➤ Маңғыстау облысындағы Кендірлі зауытында тұшытылған теңіз суы Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне жіберіле бастағанын айтты.

🟦Бұдан бөлек, қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Жылына 1 млн 250 мың тонна өнім шығаратын полиэтилен зауыты бой көтеруде. Жоба құны – 7,4 миллиард доллар.

➤ өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар таныстырды.

Президент:

📌геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

RK102735


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»