Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

« Назад

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады 17.01.2025 00:11

Асхат Хасенов:

➤ ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берді:
– «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өткен жылы мұнай және конденсат өндіру көлемін 23,8 миллион тоннаға жеткізді. Бұл – 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға артық;
– мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба әрбір кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруда сараланған әдістерді қолдануды қарастырады;
– Қаламқас-теңіз жобасын жобалау басталды, оның құны құны – 6,4 миллиард доллар;
– өткен жылы Торғай Палеозой, Қаратон Подсолевой, Қаражар және Тайсойған ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары басталды. Олардың мұнай қоры 800 миллион тоннадан асады.
➤ былтыр мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артып, 83,6 миллион тоннаны құрағаны жайында айтты:
– 2024 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында 17,44 миллион тонна мұнай өңделді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдері өндірісін 2023 жылмен салыстырғанда 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары қабылданды.
➤ «CASPI BITUM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде битум өндірісін жылына 750 мың тоннаға дейін арттыру бойынша жоба қолға алынғанын жеткізді;
➤ полиэтилен өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстары басталғанын айтты. Құны 7,4 миллиард долларға бағаланған кәсіпорын жылына 1 миллион 250 мың тонна өнім шығара алады;
➤ Маңғыстау облысында су тұшыту зауыты салынып жатқанын баяндады. Бұл кәсіпорын Жаңаөзен қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылысы жүргізілуде;
➤ өңірлердегі әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы да баяндады.

❗️Кездесу соңында Президент геологиялық барлау жүргізуге, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мұнай-газ химиясын дамытуға қатысты жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»