Әр жылы қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде елімізде қара алтынды игерушілер - "Мұнайшылар"күні ерекше атап өтіледі. Мереке иелері де оны асыға күтеді.
![]()
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде де аталмыш мереке жыл сайын жоғары деңгейде тойланады. Биылғы мереке қарсаңындағы алғашқы құттықтау шарасы басталып кетті. "Жөндеу" жергілікті кәсіподағының басшылық құрамы кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сый-сияпат беріп, алғыс хаттар табыстады.
![]()
![]()
Шарада "ӨзенМұнайСервис" ЖШС өндіріс жөніндегі орынбасары А.Салихов пен әлеуметтік сұрақтар жөніндегі директоры Н.Ермағанбетов және "Жөндеу" жергілікті кәсіподағы басшысы С.Чанкурбаев құттықтау сөз сөйледі. 50-ден астам қызметкер марапатқа ие болды.
![]()
Шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. Жиынға қатысушылар саны шектеулі әрі топқа бөліну арқылы қатыстырылды.