1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да жоғары деңгейде атап өтті.
![]()
Балаларды қорғау күніне орай бастапқыда Жаңаөзен қаласындағы Р.Өтесінов атындағы спорт кешенінде балалардың басын біріктіріп, мерекемен құттықтады. «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерінің балаларына арнайы ұйымдастырылған шараға 300-ге жуық бүлдіршін қатысты. Аталмыш күннің құрметіне мереке иелеріне түрлі тәттілер үлестіріліп, бөбектерге сүйіспеншілігіне бөленген ертегі кейіпкерлері кештің шырайын кіргізді.
![]()
![]()
Одан әрі қарай мереке қаламыздағы "Бозай" мейрамxанасында жалғасын тапты. Балаларға арнап мерекелік дастарxан жайылып, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен керемет отырыс өткізілді.
![]()
Мерекелік басқосудың құрметті қонақтары ретінде серіктестік қызметкерлерінің балдырғандарымен қатар Жаңаөзен қаласы, «Рахат» шағын ауданының тіркеуінде тұрған бірқатар мүжәлсіз отбасынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.
![]()
Кеш барысында бүлдіршіндер түрлі ойындар ойнап, жеңімпаз атанып, кейіпкерлердің сомдауымен сүйікті ертегілерінен шағын көріністер тамашалады. Сондай-ақ, мерекелік шарада балаларға арналған шағын концерт ұйымдастырылып, бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, ерекше көңіл күйге бөленді.
![]()
#Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Жаңаөзен #Қазмұнайгаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #Мұнайшы #Мұнай #KMGEP #Казмунайгаз #Озенмунайгаз #Озенмунайсервис #Нефть #Казакстан #Мангистау #1МАУСЫМ #Балалар #Дети #1Июнь #Деньзащитыдетей