МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ... 07.05.2021 00:00
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Нұр Отан" партиясының Жаңаөзен қалалық филиалымен бірлесе отырып, шаһарда тұратын тыл ардагерлерін арнайы құттықтады.
Компанияның жас мамандары Ботабай Кошанов, Мурзатай Кошанов және Өрдекбай Сариев есімді ел ардақтыларының үйлеріне барып, серіктестіктің бас директоры Қанағат Мыңтұрғановтың атынан алғыс хат табыстады. Мерекелік қоржын тарту етіп, ардагерлердің бата-тілегін тыңдап қайтты.
Осы ретте компания ұжымының тарапынан бүгінгі "Отан қорғаушылар" күнімен баршаңызды құттықтаймыз!