ҚР Тәуелсіздік мерекесі күніне орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің бірқатар қызметкерлері алғысқа бөленді.
![]()
![]()
Салтанатты шарада мамандар ҚР Энергетика министрлігінің, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның атынан алғыс хаттар алып, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС Бас директорының марапатына ие болды. Алғыс хаттарды табыстау үшін арнайы Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев пен ардагер ұстаз А.Өтелгенұлы қатысты.
![]()
![]()
![]()
Жиынға қонақ ретінде шақырылған ел ағалары мен серіктестік басшысы Қ.Мыңтұрғанов қызметкерлерді қасиетті мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады. Шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.