«МЕШІТТІ ТАЗАЛАУ – МОЛ САУАП»
«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 4 мамыр күні «ӨзенМұнайСервис» ЖШС мамандары «Шопан Ата» мешітінің айналасына сенбілік өткізіп келді.
![]()
«Мешітті тазалау – мол сауап» демекші, Рамазан айының алдында ұйымдастырылып отырған игі шараға «Кен-Құрылыссервис», «KMG EP-Catering» серіктестіктері де атсалысты.
![]()
![]()
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымынан 40-қа жуық қызметкер барып, қасиетті орынның айналасындағы қоқыстарды тазартып, қоршауларды сырлау жұмыстарына қатысып қайтты.
![]()
![]()
Осындай сауапты іске жұмылдырылған қызметкерлерге «Шопан ата» мешітінің әкімшілігі мен шырақшы Ыбырайым ақсақал дастархан жайып, ас беріп, ақ батасымен алғысын білдірді.
#Қазақстан #Маңғыстау #Жаңаөзен#ҚазМұнайГаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #ӨМС #ӨМГ#KMGEP #OMS #ЖасМаман