НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ...
Шырайлы көктем төрімізге енгенде, тіршіліктің жаңарып, құлпырғанынан бөлек, өзімен бірге жарқын әрі жайдарлы мерекелерді ала келеді. Соның бірі - барлық нәзік жандыларымыз асыға күтетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні. Бұл күнде жігіттер қауымы анасына, сүйіктісіне, жарына, әріптес аруларға гүл сыйлап, сыйлық беріп, барынша ыстық ықыластары мен алғысын жаудырып жатады.
Ал, бұл мереке жыл сайын "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде ерекше атап өтіледі.
Биылғы мерекелік шараның басы арулардың тынымсыз еңбегін ардақтаумен басталды. Халықаралық әйелдер күніне орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің сұлулары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшысы А.Айдарбаевтың, Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибағаровтың және "ӨзенМұнайСервис" ЖШС бас директоры Қ.Мыңтұрғановтың атынан алғыс хат алып, құрметке бөленді.
Салтанатты шарада алғашқылардың бірі болып ұйымның бас директоры Қанағат Нұрымұлы компанияның қыз-келіншектерін құттықтады. Одан әрі қарай сөз тізгінін өзге басшылар әйелдер қауымына деген ақ тілектерімен жалғады.
Жиын кезінде "ӨзенМұнайСервис" қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы С.Серіков пен "Жөндеу" ЖШС" қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы С.Чанкурбаевтың атынан алғыс хаттар беріліп, қаржылай сыйақы тағайындалды.
Мерекелік шарада мекеменің жас маманы Д.Нөкеров әннен шашу шашып, арнау өлеңдерін оқыды.
Нәзік жанды аруларға құшақ-құшақ гүл сыйланып, олардың құрметіне ақ дастархан жайылды.
Жиын соңында мерейлі мереке иелерінің тарапынан көп алғыс айтылып, естелік фотоға түсумен аяқталды.