"НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ КЕЛДІ 10.09.2021 00:00
Бүгін "Нұр Отан" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы Мақсат Ибағаров, төрағаның бірінші орынбасары Жетек Мұқанов және БАҚ өкілдері "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігіне арнайы келіп, компания жұмыстарымен танысты.
"Әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту" бөлімінің басшысы Сарсенбай Аманғали серіктестікте "Нұр Отан" партиясының ұйымдары арасында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалары жайында мәлімдеме жасады. Онда "Кедергісіз келешек", "Құтты мекен", "Ардагерлерді ардақтайық" және "Халыққа көмек" жобаларының аяқ алысы жайында баяндады.