Облыс прокуроры мұнай кен орындарында еңбек ұжымдарымен кездесті
Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев «Қаражанбас», «Солтүстік Бозашы», «Қаламқас» ірі кен орындарына жұмыс сапарымен барып, кәсіпорындарының жұмыс жағдайларымен танысып, еңбек ұжымдарымен әңгімелесті.
Кездесу барысында прокурор «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және уәкілетті органдардың басшылығымен бірлесіп мұнайшылар мен мұнай сервисі кәсіпорындары жұмысшыларының қазіргі тұрмыстық жағдайларын қарап шықты.
Кәсіпорын басшыларымен кен орындарында бар проблемалық мәселелер мен әлеуметтік саланы одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды.
Өз кезегінде еңбек ұжымдары өндірісте жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын атап өтті.
«Еңбек ұжымдарымен осындай кездесулердің өткізілуі өңіріміздің жұмысшылары қандай қолдауға мұқтаж және олардың еңбек қызметі процесінде туындайтын мәселелеріне көз жеткізуге мүмкіндік береді», - деп айтты Айдос Майлыбаев.
Облыс прокуроры іссапардың нәтижесімен жұмыс берушілер мен кәсіпорын қызметкерлері де еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігіне назар аударды.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстауда прокурорлық қадағалау актілері бойынша 12 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары қорғалғандығын еске саламыз.