🌸ҚМГ-да Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерге мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды.
🗣ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде өндірісте еңбек етіп жүрген әйелдерге алғыс білдірді. Олардың қажырлы еңбегі мен мамандығына деген адалдығы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жұмысшы әйелдерге берілген мемлекеттік наградалар — бұл сіздердің мұнай-газ саласын дамыту жолында атқарған көп жылғы адал еңбектеріңіздің жоғары бағасы, — деді А.Хасенов.
🎖«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ №4 мұнай-газ өндіру басқармасы сорғы станциясының машинисі Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы марапатталды.
🎖«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
▪️Белоусова Людмила Матвеевна — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі
▪️Шегебаева Гүлсім Ізтұрғанқызы — «Oil Services Company» ЖШС «ЖетібайСервис» өндірістік басқармасының еңбекті ұйымдастыру инженері
▪️Оразалиева Алмагүл Абатқызы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының техник-геологы
▪️Бухаева Жібек Рызабекқызы — «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мұнай-газ өндіру операторы
▪️Азарян Зинаида Николаевна — «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының жетекші инженері
▪️Баспаева Айнұр Танатбергенқызы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» филиалының өнімді жинау, тасымалдау және дайындау жүйесі басқармасының сарапшысы
▪️Өтенова Орынгүл Нұрмұханқызы — «Қаражанбасмұнай» АҚ химиялық талдау лаборанты.
▪️Сонымен қатар мерекелік іс-шара барысында ҚМГ компаниялар тобының ардагерлері мен қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.
📱 ҚазМұнайГаз