“САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” АҚ ЖАС МАМАНДАР АРАСЫНДА ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАДЫ
“ӨзенМұнайСервис” ЖШС-ның жетекші экономист м.а. маманы Бегенішов Мұрат Мусаұлы “Самұрық-Қазына” АҚ-ның “Жеті қадам” жобасы аясында үздік 50 маманның бірі атанды.
“Жеті қадам” - “Самрұқ-Қазына” Акционерлік Қоғамына қарасты портфельдік компаниялардың жас мамандарын дамыту мақсатында жасақталған арнайы жоба. Жобаға қатысуға 35 жасқа толмаған 1300-ден астам жас өтінім білдірген. Жобаға қатысу үшін үміткерлер қашықтан тапсырма орындап, іріктеу сыннан өтті. Іріктеуден өткен 50 маманға алғашқы кезеңге жолдама берілген.
Алғашқы кезеңде үздіктер Өскемен қаласында бас қосты. Екі күн бойы көшбасшылық қабілет және оны дамыту тақыбырында тренингке қатысты. Шара барысында үміткерлер теориялық біліммен сусындап, тәжірибе алмасу үшін практикум өткізді. Сонымен қатар бұл басқосу бойына жан-жақтылық пен креативтілікті, заманауилықты ұштастыра білген ойы ұшқыр, білімді жастарға ерекше кездесу алаңы болды.
“Жеті қадам” жобасы - прогрессившіл жастардың жаңа қабілеттерін ашып, мүмкіндіктерін шыңдауға бағыттайтын тың жоба. Жоба шеңберінде терең біліммен қатар, сыни ойлау, пікір білдіру және әрекет ету секілді нық қадамдар жасауды бір-бірімізден үйреніп, тәжірибе алмасып жатырмыз. Әрі қарайғы қызмет жолымызда зор пайдасы тиері сөзсіз” - дейді Мұрат Мұсаұлы.
7 модульден тұратын жоба аясында қатысушылар әр кезеңде 5 қалада кездесу өткізеді. Жоспарға сай тиімді коммуникация орнату, қаржылық даму, жеке даму және т.б. тақырыптарда білім алатын болады.