Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына орай футболдан ұйымдастырылған «SAMRUK CUP» жарысы өз мәресіне жетті.
Он күнге созылған облыстық деңгейдегі жарысқа өңірімізден 14 команда қатысып, 210 спортшы күш сынасты. Олардың қатарында 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар, студенттер, мектеп оқушылары және жалпы қала тұрғындары бар.
Финалдық бәсекеде Бейнеу, Шетпе, Ақтау, Жаңаөзен командалары өзара бақ сынасты. Сайыстың басты жүлдесі «Өзенмұнайсервис» командасына бұйырды.
Спорттық шара бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен өткізілген. «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты №3 МГӨБ мұнайшысы Асқар Ноғаев пен «Өзенмұнайсервис»ЖШС маманы Орынбасар Сейдов шараның жоғары деңгейде өтуіне толықтай жауапкершілік алып, кәсіби деңгейде жүзеге асыра білді. Өз кезегінде әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, мақтан тұтамыз. @orynbasar_seidov @askar_nogai