
Құрметті әріптестер! Қадірлі жаңаөзендіктер!
Санаулы сағаттардан соң жаңа 2024 жыл төрімізге енбек.
Өткен жыл елеулі жетістіктерімен қуантты. Жақсы естеліктерімен есте қалды. Компаниямыздың өндірістік жоспары ойдағыдай орындалып, көптеген шаралар ұйымдастырылды.
Біршама үлкен шаралардың басы-қасында болып, қызметкерлеріміз ерекше белсенділік танытты. Бірқатар мамандарымыз байқауларда топ жарды.
Ал, келе жатқан жаңа жыл баршамызға құтты болсын! Жақсылығымен келіп, жағымды жаңалықтарымен қуантсын! Ел аман-жұрт тыныш болсын! Әр шаңырақта береке орнап, бақыт қонақтасын!