СЕНБІЛІК ӨТТІ
ӨзенМұнайСервис» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарама төрағасы м.а Ж.Марабаевтың бастамасымен «Бірге Таза Қазақстан» акциясын іске асыру мақсатында корпоративтік іс-шара өткізді.
"Қазақ мұнайына 120-жыл" "Өзен кенорнына" мерекесі қарсаңында Серіктестік қызметкерлеріне сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға барлық қызметкерлер белсенді түрде қатысты.
Шара барысында, Серіктестіктің айналасын тазалап, қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. Арнайы көліктер қоқыстарды қала сыртына шығарды. Серіктестіктің қыз келіншектері гүл түптерін қопсытып, қағаз-қалдықтарды тазалап, бас ғимараттың терезелерін жуу сынды қызу түрде жұмыстар атқарды.
Алдағы уақытта да бұл шара аяқсыз қалмай, болашақта өз жалғасын табады.
#Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Жаңаөзен #Қазмұнайгаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #Мұнайшы #Мұнай #KMGEP #Казмунайгаз #Озенмунайгаз #Озенмунайсервис #Нефть #Казакстан #Мангистау