Серіктестік атынан «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы арасында өтетін спартакиадаға қатысатын спортшылармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Бас директор қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, Серіктестік абыройын асқақтатуға шақырды. Сондай-ақ, команданың жеңіске деген жігерін арттыру мақсатында Серіктестік туы салтанатты түрде табысталды.
Биылғы спартакиадада Серіктестіктің 29 қызметкері спорттың әртүрлі түрлері бойынша бақ сынап, ұйым намысын қорғауға атсалысады. Олар жарыс алаңында өздерінің кәсіби дайындығын, табандылығы мен командалық бірлігін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниетті.
Спартакиада – тек спорттық жарыс қана емес, әріптестік байланысты нығайтып, командалық рух пен ұйымшылдықты дәріптейтін маңызды алаң. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған игі бастама.
Біз спортшыларымыздың намысты қолдан бермей, өздерінің шеберлігі мен қайсарлығын көрсететініне сенімдіміз. ҚМГ спартакиадасында бақ пен бап қатар шауып, жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспіз! Серіктестік туын биікке көтеріп, жарқын жетістіктерге жете беріңіздер!
#ҚМГСпартакиадасы #ӨзенМұнайСервис #СпортшыларғаСәттілік #КомандаРухы #Бірлік ЖеңіскеЖетелейік СеріктестікТуы ҚазМұнайГаз СпортЖәнеДенсаулық СалауаттыӨмірСалты ЖеңіскеБірге
![]()
![]()
![]()
![]()