Серіктестік Жас Мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына арналған «Жеңімпаздың ойлау жүйесі: көшбасшылық, сөйлеу мәдениеті, ішкі тепе-теңдік» тақырыбындағы тағылымды тренинг өткізді. Бұл күн жас қызметкерлер үшін жаңа ойлардың туындауына, өзгеріске деген ынтаның оянуына жол ашқан ерекше мүмкіндік болды.
Серіктестікте Жас Мамандар саны жыл сайын тұрақты өсуде. Қазіргі таңда Жас Мамандар кеңесінде 30-дан астам белсенді Жас Маман қызмет атқарып келеді, олардың кәсіби өсуіне бағытталған осындай тренингтер олардың дағдыларын шыңдауға үлкен мүмкіндік береді.
Тренингтің алғашқы бөлімінде сөз сөйлеген Серіктестік Бас директоры Жас Мамандарға компанияның үлкен сенім артатынын атап өтіп, алдағы стратегиялық дамуды жеткізді. Ол жастардың белсенділігі мен кәсіби өсуінің компанияның болашақ жоспарлары мен стратегияларының жүзеге асуына тікелей әсер ететінін ерекше атап көрсетті.
Сонымен қатар, бөлім басшылары да өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі заман талаптарына сай кәсіби біліктілікті арттырудың мәні мен маңызын түсіндірді.
Іс-шара соңында қатысушылардың серпінін арттырған қызықты quiz ұйымдастырылып, Жас Мамандардың командалық жұмысы мен зерделілігі айқын көрінді.