ӨзенМұнайСервис» ЖШС-де қызметкерлер арасында адалдық, ашықтық және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Комплаенс офицерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, іскерлік әдеп қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ Серіктестіктегі комплаенс талаптарының маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық жағдайлар бойынша түсіндірмелер алды. Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және адал еңбек қағидаттарын дамытуға ықпал етеді.
✅ Заңға құрмет – тұрақты дамудың кепілі.
🤝 Адалдық пен жауапкершілік – әрбір қызметкердің басты ұстанымы.
#ӨзенМұнайСервис #Комплаенс #КомплаенсОфицері #Адалдық #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы КорпоративтікМәдениет ЗаңҮстемдігі
![]()