Мемлекеттік рәміздер күніне орай Серіктестікте мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының маңызы мен тарихи мәні кеңінен түсіндіріліп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және ұлықтау мәселелері талқыланды.
Бұл күні бүкіл ел бойынша ұлттық рәміздерді дәріптеуге және құрметтеуге бағытталған патриоттық іс-шаралар, флешмобтар, Ту көтеру рәсімдері, арнайы сабақтар мен түрлі конкурстар өткізіледі. Ел азаматтары мерекелік іс-шараларға қатыса отырып, өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін, елдің өркендеуіне қосар үлесін және тәуелсіз мемлекетте өмір сүрудің қадірін айқындай түседі. Сонымен қатар, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын дәріптеп, ел бірлігіне деген құрметтерін білдіреді.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айқындайтын қасиетті нышандар. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!