Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ СЕРІКТЕСТІКТЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

СЕРІКТЕСТІКТЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

« Назад

СЕРІКТЕСТІКТЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ 22.10.2018 17:49

Ағымдағы жылдың 17-қазан күні «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі Серіктестігінде өндірістік қызмет орындарындағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында оқу-жаттығу шарасы өткізілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ына қарасты мекемелер шеңберінде жүргізілетін қауіпсіздік жүйесін сақтау мақсатында бекітілген жоспар бойынша 2018 жылдың жарты жылдығына арналған оқу-жаттығу шарасына цех қызметкерлері, ТҚ,ЕҚжҚОҚ бөлімінің мамандары, басшылық құрам және өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем қызметі қатысты.

_MG_9975

         Жылына екі рет өткізілетін оқу-жаттығу шарасына «Түсіру-көтеру операциялары кезінде тальдық жүйеден элементтің құлауы», «Скважиналар сағасындағы өртті алғашқы өрт сөндіру құралдары арқылы ауыздықтау», «Жазатайым оқиға кезінде немесе жәбірленушінің денесінде сыну болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету» секілді тақырыптар арқау болды. Кезекті шара жүргізілу барысын Серіктестіктегі ТҚ,ЕҚжҚОҚ бөлімінің бастығы Нұрым Ермағанбетов қадағалап, бірқатар тапсырмалардың орындалуына төмендегідей баға берді:

«Мұндай сақтандыру шаралары «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс» департаментінің бекіткен ереже-тәртіптеріне және қауіпсіздікті сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу бағдарламаларына сәйкес жоспарлы түрде өткізіліп тұрады. Міндетті түрде өрт сөндіру қызметі мен медициналық көмек қызметі жұмылдырылады. Оқу-жаттығу шараларында жауапты мамандардың тығырықтан шығуы, төтенше жағдай кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеті және өрт сөндіру, медицина қызметкерлерінің оперативтілігі мен кәсібилігі басты назарда болады.

Бүгінгі шарада апатты жою жоспары бойынша Серіктестік басшылығына, ТҚ,ЕҚжҚОҚ бөліміне және цех қызметкерлеріне хабарлама тарату 10 мин көлемінде орындалса, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі 5 минутта, жедел жәрдем қызметі 6 минутта келді. Сондай-ақ, оқу-жаттығу кезінде әдейілеп ұйымдастырылған жазатайым оқиға салдарынан сыныққа ұшыраған қызметкерге алғашқы медициналық кәсіби көмек көрсетілді»,-деді Нұрым Ермағанбетов.  

_MG_9980

Суретте ТҚ,ЕҚжҚОҚ бөлімінің бастығы Нұрым Ермағанбетов

Апатты жою немесе оның алдын алу, жазатайым оқиғаны болдырмау үшін ұйымдастырылған шарада, оқиға кезінде кез келген апаттық жағдайда қызметкерлердің тарапынан орындалатын алғашқы әрекеттер және алғашқы көмек құралдарын қолдану нұсқаулықтары сияқты бірқатар міндеттерді атқару жұмыстары пысықталды. 

_MG_9954


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»