
ШЕБЕРЛЕР КҮНІ
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде "Шеберлер күні" өткізілді.
Жиынға барлық бригада шеберлері арнайы шақырылды. Сонымен қатар цехтарға, автотізбек, өндірістік қамту базасына жауапты басшылық құрамдары мен бірқатар бөлім басшылары және бас директордың орынбасарлары қатысты.
Бас директор Қанағат Мыңтұрғановтың басшылығымен өткен отырыста мекеменің өндірістік жоспарының орындалысы, техника қауіпсіздігі мен өзгерістер реті сөз болды.
Мекеме басшысы жиналғандарға 2023 жылы Серіктестік бойынша орын алған екі жазатайым оқиғаның мән жайын түсіндіріп, алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында техника қауіпсіздігі, адам денсаулығы және адам өмірі әрдайым басты назарда болуы қажет екендігін айта келе, алдыңғы жиналыста сөз болған, «ҚМГ өмірлік маңызды қағидалары» жолдауын күнделікті жұмыс барысында қолдануды әдетке айналдыру қажеттігін жеткізді.
Жиналыста сөз болған тағы бір тақырып – Серіктестік жұмысшыларының жыл сайынғы кезекті медициналық тексеруден өтуі. Ағымдағы жылдың қазан айында жұмысшыларға арналған жылдық мерзімдік медициналық тексеріс басталған болатын. Осы ретте жауапты мамандарға серіктестік жұмысшыларының медициналық тексерістен толық өтуін қадағалау тапсырылды.
Өз кезегінде жиынға қатысушылар да ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.