СЫЙАҚЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ
«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қабырғасындағы «Жас Мамандар кеңесі» 2014 жылдан бері өз жұмысын қарқынды түрде жүргізіп келеді. Құрамында елуге жуық жас мүшелік ететін ұйым еліміздің және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жастар саясаты бойынша атқаратын міндеттері мен шараларының орындалуына ерекше атсалысып, қаламыздағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Жас Мамандар кеңесіне «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басшылығы тарапынан да қолдау ерекше.
Биыл 5 жылдығын атап өткен ұйымда талантты жастар, білімді мамандар және еңбекқор тұлғалар жиналған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен белгіленген жастар жылында «ӨзенМұнайСервис» жас мамандары бірқатар әлеуметтік, қоғамдық және тағы да басқа бағытта атқарылып жатқан шараларда бастама көтеріп, өтуіне ерекше белсенділік танытып жүр.
Жақында ғана жас мамандар кеңесінің мүшелерінің осыған дейін жасаған нәтижелі еңбектерінің жемісі ретінде «ӨзенМұнайСервис» жас мамандары қалалық әкімшілік өкілдерінің бағалауымен өндірістік мекемелер арасында жылдың «Үздік жас мамандар кеңесі» атанды. Байқауда кеңестің жалпы жұмысы, жоспары, мақсаты және атқарған шаралары, сондай-ақ мүшелердің де жеке жетістіктері сараланып, сыннан өткізілді. Жеңістің сыйы ретінде кеңеске 150 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Осындай ерекше марапатқа қоса кеңес мүшесі О.Сейдов пен серіктестік басшыларына қала әкімінің атынан алғыс жарияланды.
Жастар байқаудан жеңіп алған қаражатты қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жұмсады. Серіктестік қызметкерлерінен бөлек жас мамандар атынан «Мектепке жол» акциясына қосқан үлесі ретінде мүжәлсіз және көп балалы отбасынан шыққан отызға жуық балаға оқу құралдарын, мектепке қажетті форма, аяқ киім т.б. заттарды тарту етті. Кеңес мүшелерінің айтуынша мұндай игі істі өз қаражаттарына бұған дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылған, бұдан кейін де жалғаса бермек.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс