Серіктестікте Алаш идеологиясының көсемі, ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханұлының тарихи тұлғасын жоғары деңгейде сомдағаны үшін Бердоңғаров Мейірбекке арнайы диплом табысталып, иығына шапан жабылды.
Бұл құрмет – ұлттық тарих пен рухани құндылықтарға деген тағзымның, сондай-ақ қызметкеріміздің шығармашылық ізденісі мен патриоттық рухының айқын көрінісі.
Бердоңғаров Мейірбекті марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, еңбегіне толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!
![]()