ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА...
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ына еншілес мекеме «ТұлпарМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жас мамандары «ӨзенМұнайСервис» серіктестігінде өндірістік бағытта тәжірибе алмасты.
![]()
![]()
![]()
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры О.Н.Тарғыновтың қолдауымен жүзеге асқан шараға 30-ға жуық жас маман келіп, мекеменің бір күндік тыныс-тіршілігімен танысты. Тәжірибе алмасу кезінде мамандар алдымен еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік аймақтағы ережелермен танысып, сақтауға тиісті талаптар жайында білді.
![]()
![]()
![]()
Компаниямыздың өндірістік жағдайымен етене танысу үшін цех, бригадаларды аралап, өндірістік қамту базасы мен автотізбекке барды.
![]()
![]()
![]()
Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс