
2025 жылдың 26 мамырынан бастап «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымында басшылық құрамда өзгеріс орын алды. Бас директордың уақытша міндетін атқарушы болып Бекмамбетов Сәрсенбай Утегенович тағайындалды.
Ұзақ жылдар бойы компаниямызға сүбелі еңбек сіңірген Қанағат Мыңтұрғанов «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на жаңа қызметке ауысып отыр. Ұжым атынан Қанағат Нұрымұлына жаңа қызметімен құттықтап, кәсіби жолында толағай табыстар мен сәттіліктер тілейміз!
Сәрсенбай Утегеновичке алдағы жауапты қызметінде зор сенім артамыз. Ұжымдық бірлік пен өзара қолдаудың арқасында компаниямыз жаңа жетістіктерге жете бермек!