“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ 17.04.2024 00:00
“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ
Жаңаөзен қаласы бойынша өткізілген “Таза өлке” апталығына “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы да атсалысты.
13-сәуір күні серіктестіктің бас ғимараттары кеңсе және өндірістік база аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
Қызметкерлер нысан аумағын тазалап, қоқыстан арылтты. Ағаш түбін қопсытып, әктеп және жол жиектерін ағартты.
Көктем мезгілінде мұндай сенбілік шаралары жиі өтіп тұрады. Алдағы уақытта да жалғасын табады.