«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Серіктестікте кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 150 түп ағаш отырғызылды.
Жыл басынан бері Серіктестік қызметкерлерінің күшімен жалпы саны 220 түп ағаш егілді. Бұл — қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты көрінісі.
2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы отырғызу көлемі 300 түп ағаш көзделіп отыр. Аталған бастама табиғатты аялау, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту және жасыл аймақтарды көбейту мақсатында.
![]()