
Мемлекет басшысының бастасымен бес апта көлемінде өткізілетін “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясының “Жасыл аймақ” апталығы шеңберінде “ӨзенМұнайСервис” ЖШС жұмысшылары теңіз жағалауында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Акцияның мақсаты: қоршаған ортаға ұқыпты қарау, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық экологиялық мәдениетті нығайту.