
“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
“Таза Қазақстан” акциясы аясында 2024 жылдың 14-қыркүйегінде “ӨзенМұнайСервис” ЖШС-інде сенбілік шарасы өткізілді.
Сенбілік серіктестіктің бас кеңсесі мен өндірістік базаларында ұйымдастырылды.
Шараға қызметкерлер өте белсенді түрде қатысып, ғимаратты, жұмыс алаңдары мен аулаларды қоқыстан тазартты. Пайдаға жарамсыз нәрселерді жойып, қолайлы жұмыс ортасын жасауға атсалысты.