
“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” республикалық экология акциясы жалғасуда
“Өнегелі ұрпақ” апталығында “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы Серіктестіктің бас ғимараты, Автотізбек және Өндірістік-қамту база аймақтарында сенбілік жүргізді.
Сенбілікте қызметкерлер белгіленген аймақтарды тазалау жұмыстарына жұмылдырылып, ағаш отырғызып, ағаш түптерін қопсытып, әктеу, жол жиектерін ағарту және қоқыстарды шығару жұмыстарына атсалысты.