Жаңаөзен қаласының әкімдігінің тапсырмасымен «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің қызметкерлері «Кендірлі» жағалауында орналасқан Фетисиво аумағына барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп келді.
![]()
«Туған жердің тазалығы баршаға ортақ» демекші, мекеме мамандары жағалаудағы қағаз, бөтелке, қалдықтарды жинап, барлық қоқыстан тазартты. Шараға арнайы техникалар жұмылдырылды.
![]()
Көп адам аяғы басылмайтын жағалаудан түрлі қоқысқа кез болған серіктестік мамандары тазалықты сақтауға шақырды. Табиғат аясында демалып, пайдаланылған заттардың қалдығын ретсіз тастап, қоршаған ортаның ластануына себепкер болмауға үндеді.
![]()
Серіктестің қызметкерлерінің қатысуымен өткізіліп отырған игі шараның бұл басы емес. «ӨзенМұнайСервис» мамандары бұған дейін де осындай сенбілік, тазалық жұмыстарын жиі жасауды әдетке айналдырған.