«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 26.04.2023 жылғы 06/3377 санды хатына сәйкес, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС Жас мамандары сенбілікке шықты.
Теңіз жағалауының белгіленген бір аумағына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. «Туған жердің тазалығы баршаға ортақ» демекші, жас мамандар жағалаудағы қағаз, бөтелке, қалдықтарды жинап, барлық қоқыстан тазартты. Шараға арнайы техникалар жұмылдырылды. Көп адам аяғы басылмайтын жағалаудан түрлі қоқысқа кез болған сеіктестік жас мамандары тазалықты сақтауға шақырды. Табиғат аясында демалып, пайдаланылған заттардың қалдығын ретсіз тастап, қоршаған ортаның ластануына себепкер болмауға үндеді.
«ӨзенМұнайСервис» мамандары бұған дейін де осындай сенбілік, тазалық жұмыстарын жиі жасауды әдетке айналдырған.
#тазалықтысақтайық