
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ Серіктестігінің жас мамандар кеңесінің мүшелері Жаңаөзен қаласы көшелерінің тазалығына жауапты қызметкерлерге сыйлықтар табыстады. Мерекелік тарту жасау шарасында жастарға компанияның әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директор Нұрым Ермағанбетов қолдау көрсеткен.
"Амал" мерекесі мен "Наурыз" мейрамына орай жас мамандар қала тазалығына бар күш-жігерін жұмсап, тынымсыз атсалысып жүрген нәзік жандыларға ұлттық тағамдар мен дәмдер салынған қазақи нақышта арнайы тіктірілген қоржын үлестіріп, осы істері арқылы оларға деген ыстық ықыласы мен алғысын жеткізді.
Коммуналдық мекеме мамандары жастарға ризашылығын білдіріп, рахметін жеткізді.