ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 09.11.2021 10:44
Бекітілген кестеге сәйкес "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігіндегі #10 скважиналарды күрделі жөндеу бригадасында "Neiron" медициналық орталығының дәрігерлерімен кездесу өтті. Шарада дәрігерлер компания мамандарына екпенің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы шақырылған мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Екпенің ағзаға пайдасы жөнінде сөз қозғап, ұжымдық иммиунитетті сақтауды басты құрал екендігін айтты.