"Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын" жүзеге асыру шеңберінде "Samuryk-Kazyna Trust" "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ына еншілес және тәуелді ұйымдармен бірлесе отырып онлайн режимінде видеоконференция-семинар өткізілді.
Семинарға "Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудің өзекті мәселелері" тақырыбы арқау болды. Онлайн видеоконференцияда қайырымдылық көмек көрсетудің ерекшеліктері, компаниялардың өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету мүмкіндіктері, еншілес және тәуелді ұйымдар тарапынан қойылған өзге де мәселелер жайы талқыланды.
"ӨзенМұнайСервис" ЖШС атынан қатысқан әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директор Н.Ермағамбетов қайырымдылық көмек көрсету туралы жиында көкейтесті сұрақтарын қойып, аталмыш мәселені оңтайландыру жайында бірқатар ұсыныстарын айтты.
Конференцияға "ӨзенМұнайгаз" АҚ, "СӨТБ" ЖШС және "ҚазГӨЗ" ЖШС компанияларының өкілдері қатысып, белсенділік танытты.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс