
ҚР Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай жариялап, облысымызда карантин режимі енгізілуіне байланысты «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігі COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шараларын күшейтті. Серіктестік кеңсесінде арнайы штаб құрылып, індеттің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар жасалуда.⠀
⠀

Жұмыс орнында бекітілген кестеге сәйкес кеңейтілген және күнделікті уақытылы дезинфекциялау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше нүктеге арнайы антисептіктер орнатылған. Мекеменің техникалары мен қызметкерлерді тасымалдайтын автобустар күніне екі рет дезинфекцияланады. ⠀
⠀

Қызметкерлерге үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, жұмыс орнында, көшеде және үйде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға үндеді. Сондай-ақ қауіпсіздік үшін оларға бетперде және медициналық қолғап киіп, антисептик қолдану міндеттелген.⠀
⠀

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс