🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында — Бір адам, бес ағаш! 🌿
ӨзенМұнайСервис ЖШС ұжымы қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыру ісіне үлес қосу мақсатында өткізілген «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысты. 🌱
Біз бұл игі бастаманы СӨТБ ЖШС ұжымынан қабылдап алып, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті дамыту және туған өлкемізді көркейту жолында өз үлесімізді қостық. Әр қызметкер бес түп ағаш отырғызу арқылы экологиялық сана мен ұжымдық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. 🌳
Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз. Жасыл желек — болашақ ұрпаққа қалдыратын ең қымбат мұрамыз. 🌿
Эстафетаны әрі қарай ОйлТранспортКорпорэйшн ЖШС @oil.transport.corporation ұжымына жолдай отырып, барша әріптестерді табиғатты қорғауға, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосуға шақырамыз! 💚
Видео с3лтеме бойынша
#ТазаҚазақстан #БірАдамБесАғаш #ӨзенМұнайСервис #ЭкологиялықАкция #ЖасылБолашақ #ТуғанЖер #ОйлТранспортКорпорэйшн #ЭкоЭстафета