Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕЙНЕТ, БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ

ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕЙНЕТ, БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ

« Назад

ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕЙНЕТ, БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ 26.10.2017 14:05

Өткен өмір өнегесі – адамның жастайынан бойына сіңірген білімі мен алған тәлім-тәрбиесі, көрген тәжірибесі мен атқарған тынымсыз еңбегінің нәтижесімен өлшенеді. Әрбір азаматтың ел ағасы атанған шағында отбасында қадірлі, ортасында сыйлы, қызметте құрметті болмаса ер атына сын келері сөзсіз.

​Қазан айының 20-жұлдызында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі саналы ғұмырын қызметке арнап, адал еңбекті жанына міндет еткен азамат Агилаев Кенжебек Қабылұлын зейнеткерлік демалысына шығарып салды. Шараға серіктестік басшылығы мен ұжым қызметкерлері қатысты. Жиын барысында зейнеткерді «ӨзенМұнайСервис» серіктестігінің бас директоры Н.Д.Союнов құттықтап, ұжым атынан сый-сияпат табыстады.

​Аяулы алпысты еңсерген ардагер қызметкер 1998 жылы бұрынғы «КРУЗ» мекемесіне бұрғышының көмекшісі болып жұмысқа қабылданған. Содан 19 жыл бойы тапжылмастан еңбек етіп, абыройлы зейнет демалысына шығып отыр.

_MG_7596

- Ерінбей еңбек еткен жан нанын алаңсыз жейді. Қай кезде де адал еңбектің бағасы биік. Бүгінгі күніме жеткенім үшін шүкір айтамын. Сонымен қатар, өз әріптестеріме, «ӨзенМұнайСервис» серіктестігіне ерекше алғысымды білдіремін. Сүйікті ұжымыма толағай табыстар мен үлкен жеңістер тілеймін»-дейді Кенжебек Қабылұлы өз сөзінде.

Қазіргі таңда бір ұлдың әкесі атанып, үш немеренің ақылшысына айналған қарттың өткен күндерде тұрақты қызмет етіп, ісіне жауапкершілік танытқандығының арқасында қызметкер 2014 жылы «КРУЗ» мекемесі «Кәсіподақ» ұйымының» және «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на 50 жыл толуына орай алғыс хатпен марапатталған. Ал, 2017 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ның алғыс хаты мен сонымен қатар жақында ғана атап өтілген «Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл» толған мерей той аясында шараның мерекелік медалін иемденген.

_MG_7589


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»