
Cәуір айының бірінші жұлдызында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігі автотізбек диспетчері Алтын Абдирахманованы еңбек демалысына шығарып салды.
Мұнай саласында 30 жылға жуық еңбек еткен білікті маман 1995 жылдың желтоқсан айынан бастап «Жөндеу» ЖШС ұжымына диспечер ретінде қызметке орналасқан. Содан 24 жыл үзбестен автотізбек диспетчері лауазымын абыроймен атқарып келген Алтын апамыз өз ортасына сыйлы, артынан ерген жастарға үлгі бола білді. Әр ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, ұжымдағы еңбек өнімділігін арттыруға өзіндік үлесін қосты.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс